Жаңалықтар

Тәртіптік жазалау туралы

     Савазова Хедже Хакимовнаға, Базалық білім беру институты «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы 2016 ж. 10 ақпандағы №60-к бұйрығы бойынша қатаң сөгіс жарияланды. (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Ішкі еңбек тәртібі ережесінің 4-тармағын бұзғаны үшін)

Қазақстан Республикасының VI қысқы Универсиадасының ашылуы 06-17.02.2016 г.

    6 ақпан күні «Сұнқар» халықаралық шаңғы трамплин кешенінде Қазақстан Республикасының VI қысқы Универсиадасы спорттың 10 түрі бойынша: шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, спорттық бағдарлау, биатлон, трамплиннен секіру, тау шаңғы спорты, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, шайбалы хоккейден басталды. Жарысқа Республикамыздың 34 жоғары оқу орны қатысуда (спорттың 10 түрі бойынша 920 спортшы).

Рақымбаев Дәулет – шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының VI қысқы Универсиадасының жеңімпазы

    7 ақпан күні «Алатау» спорт кешенінде шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының 140 спортшысы жарысты бастады (7.02 - классикалық жақын қашықтыққа жүгіру, 8.02 – жеке, еркін жүріс жарысы, 10.02 – жақын қашықтыққа жүгіру, еркін үлгіде, командалық жақын қашықтыққа жүгіру, 11.02 – эстафета).

ҚазҰТЗУ-да «Мәңгілік ел» – жас ұрпақтың негізгі құндылығы» атты конференция өтті

    Н.Ә.Назарбаев «Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік елидеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУда Хозе Рахымханұлы атындағы «Машиналар мен механизмдердің теориясы» атты зертхана ашылды

    Қ. И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Академик, профессор, Инженер-ғалым, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қазыханов Хозе Рахымханұлы атындағы «Машиналар мен механизмдердің теориясы» атты зертхананың ашылу салтанаты болып өтті.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2015» атағын алуымен құттықтаймыз!

    Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының ұжымы «Түсті металдар металлургиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Даулетбаков Тимур Суанұлын «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2015» атағын алуымен құттықтайды.

«ҚазҰТЗУ – Apple» оқыту тренингтеріне шақырады

     Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «ҚазҰТЗУ – Apple» ғылыми-білім беру орталығы коммерциялық негіздегі оқыту тренингтерін келесі бағыттар бойынша жүргізуді бастайды

Тәртіптік жазалау туралы

    Әбдіқадыров Асқар Айтмырзаұлы, Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты «Электротехника» кафедрасының доценті міндетін атқарушы 2016 ж. 28 қаңтарындағы №42-к бұйрығы бойынша сөгіс жарияланды. (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Ішкі еңбек тәртібі ережесінің 4-тармағын бұзғаны үшін)

ҚазҰТЗУ Webometrics рейтингісі бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында екінші орын алды

    Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтинг агенттігінің бағасы бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің арнайы веб-қоры қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында екінші орын және мемлекетіміздің техникалық университеттерінің арасында алдынғы орын алды. ҚазҰТЗУ әлемдегі 20 000 аса жоғары оқу орындарының ішінде 2242 орында тұр.

«Мәдениеттер диалогі - қоғамдық шыдамдылықтың негізі» атты дөңгелек стөл ұйымдастырылады

      10.02.2016 ж. сағат 09.00-дан 11.55-ке дейін М. Батырбеков атындағы оқырман залында (каб. 268 ТКҒ) орыс тілі кафедрасы орыс және қазақ тілдерінде өтетін біздің көп ұлттық мемлекет үшін өзекті «Мәдениеттер диалогі - қоғамдық шыдамдылықтың негізі» атты мәселе бойынша дөңгелек стөл ұйымдастырады.

Syndicate content
Сіз 22005027 енушісіз.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016