Жаңалықтар

«Жас көшбасшылар мектебі» шеңберінде жастар форумы өтті

    2016 жылғы 28 қаңтар күні «Жас көшбасшылар мектебі» шеңберінде ҚазҰТЗУ жастар форумы өтті. Жиынның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұйытқы болуымен жүргізілген саяси, экономикалық-әлеуметтік реформаларын, жолдауларын жастар арасында насихаттау және 20 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы.

Қол күресі бойынша Алматы қаласының ашық біріншілігі

    Қол күрес федерациясы 30-31 қаңтарда қол күресі бойынша Алматы қаласының ашық біріншілігін өткізді, жарысқа Қазақстан Республикасының спорт мектебі және 14 жоғары оқу орындарының командалары қатысты. ҚазҰТЗУ-дың 1 курс студенті Қашаған Ақбота (ТКМИ 5В070900-4к) 60 кг салмақ дәрежесі бойынша ҚазСТА студентінен жеңіліп, 2 орынды иеленді. Жаттықтырушысы – дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Тілеубердин.

ҚазҰТЗУ Тәрбие жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі

    2016 жылдың 29 қаңтарыңда Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Мұнай ғимаратының конференц-залында университеттің Тәрбие жөніндегі кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске ғылым, халықаралық ынтымақтастық және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Н.Б. Қалабаев, тәрбие жұмысы департаментінің директоры М.Қ. Тілесбаев, институт директорлары және олардың орынбасарлары, сонымен қатар Тәрбие жұмысы департаментінің қызметкерлері қатысты.

Профессор Ұ.Е. Сыдықов Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры профессор Ескендір Бейсембетовтен алғыс хат алды

     2016 жылдың 26 қаңтарында университет ректоры профессор Е.Қ. Бейсембетовтің тапсырмасымен аппарат басшысы Д.Қ. Айтқұлов, проректор Н.Б. Қалабаев және қызметкерлер кәсіподағы комитетінің төрағасы Г.А. Мұраталиев профессор Ұ.Е. Сыдықовқа Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін дамытуға қосқан үлесі мен жоғары кәсіби деңгейі үшін алғыс хат табыс етті.

Тәлімгерлік – тәрбиенің қайнар көзі

    2012-2013 оқу жылынан бастап университетте «Тәлімгерлер институты» қарқынды жұмыс жүргізіп, кәсіби білікті, азаматтығы мол мамандар тәрбиелеуде, өзіндік үлес қосып отыр. Тәлімгерлер институтының басты мақсаты – 1 курс студентінің ортаға бейімделуіне қол ұшын беру. Барлық институттарда тәжірибелі ғалымдар, оқытушылар тәлімгерлік етеді.

Баспасөз-релизі

    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Дастан Байұзақұлы Кожабековтың тағайындалуы туралы хабарланды.

Толығырақ

ҚазҰТЗУ жастары Елбасының «Халыққа арналған үндеуін» талқылады

    20 қаңтар күні Н. Назарбаев ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және оның кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Thomson Reuters компаниясының вебинары

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапханасы 26 мен 28 қаңтар аралығында Web of Science платформасы аясында ғылыми жұмыстарды жетілдіру мақсатында өтетін кезекті онлайн-семинарға қатысуға шақырады.

Шет тілі курсына шақырамыз

      Шет тілдері кафедрасы 01-ші ақпаннан бастап ағылшын тілінен ақылы кешкі курстар ұйымдастырады. Курстың төлем ақысы: - 37800 тенге. Оқу мерзімі 3 ай. Сaбақ аптасына 2 сағаттан 3 рет өткізіледі. Мекен жайымыз: Сәтбаев көш. 22а, Байтұрсынов көшесінің қиылысы. (ҚазҰТЗУ) 825 БОҒ; Байланыс телефоны: 257-71-45 (7145)

ҚазҰТЗУ жастары алғыс хатпен марапатталды

    2014-2015 оқу жылы мерейлі даталарға толы жыл болды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығы, Ата заңымыз – Конституциямыздың 20 жылдығы республикалық, қалалық деңгейлерде аталып өтті.

Syndicate content
Сіз 22005029 енушісіз.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016