Жаңалықтар

Білім алушылардың ауысуға және қайта қабылдауға өтініштерін қабылдау!!!

    Құрметті студеттер, ауысуға және қайта қабылдануға (басқа білім беру ұйымынан ҚазҰТЗУ-не, бір оқу нысанынан екінші нысанаға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа) өтініштер демалыс кезеңінде 2015 жылдың 28 желтоқсанына дейін қабылданады.

Студенттердің назарына!

Құрметті студенттер, қысқы сессия мерзімінің жақындауына байланысты пайдаланушы аты мен құпия сөздеріңізді (логин/пароль) жаңартуларыңызды сұраймыз. Тестілеу программасына кіру үшін оқу порталына кіретін пайдаланушы аты мен құпия сөзді (логин/пароль) қолдану керек екенін ескертеміз.

Жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан

    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ университетінде ТКМҒ-ның Акт залында институт директорлары, кафедра профессорлары, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы кезекті Жолдауы тыңдалды.

«Бір мақсат! Бір мүдде! Бір болашақ!» атты ҚазҰТЗУ жастарының форумы

    2015 жылы 27 қарашада Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Жас көшбасшылар мектебі» аясында «Бір мақсат! Бір мүдде! Бір болашақ!» атты жастар форумы өтті. Форумға университет басшылары, белсенді студенттер және қазақ эстрадасының әншілері қатысты.

ҚазҰТЗУ магистранты Назарбаев атындағы стипендиямен марапатталды

    Қазақстанның ең үздік магистранттары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стипендия иегерлері атанды.
    Стипендия иегерлерін Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сертификатпен салтанатты түрде марапаттады.

Бүгінгі күн аясында мұнай-химиясы саласындағы шақырулар

    «МИИБ-2» бағдарламасы аясында осы жылдың 15 қазанынан 15 қарашаға дейін «Мұнай химиясы және мұнай өңдеу» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін шақырылған профессорлардың дәріс курстары, сонымен қатар Университеттің барлық тыңдаушыларына ашық дәрістері өткізілді.

ҚазҰТЗУ студенттері - ҚР жоғары оқу орындары арасында самбо бойынша Шаяхметов Шәйсұлтанды еске алу турнирінің жүлдегері мен жеңімпаздары

    22 қараша күні ҚР жоғары оқу орындары арасында самбо бойынша тәуелсіз Қазақстанның бірінші білім және ғылым министрі Шаяхметов Шәйсұлтанды еске алу турнирі аяқталды.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған декада

    2012 жылдан бері елімізде ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні атап өтілуде. Осыған орай, Қ.И.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттері - Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында тоғызқұмалақ бойынша жекелей біріншіліктің чемпиондары мен жүлдегерлері

    18 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында тоғызқұмалақ бойынша Б.Момышұлыны еске алуға арналған жекелей біріншілігі турнирі өтті. Турнирге 10 жоғары оқу орны қатысты (АЭжБУ, ҚазМемҚызПУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазБСҚА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық IT университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ).

Баскетбол бойынша ҰСЛ финалына жолдама

    22 қараша күні баскетболдан Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ құрама командасы Абай атындағы ҚазҰПУ командасын 74:34 есебімен жеңіп, жақында өтетін Астанадағы финал ойындарына жолдама алды.

Спорттық клуб

 

Syndicate content
Сіз 22004999 енушісіз.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016