Жаңалықтар

5-6 қараша «Ғылым және білім беруге арналған Wiley электрондық ресурстар» тақырыбында семинар өтеді

    «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Cіздерді және әріптестеріңізді «Ғылым және білім беруге арналған Wiley электрондық ресурстар» тақырыбында өтетін семинарға шақырады. Семинарды Wiley компаниясының өкілдері өткізетін болады. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ да «Женщина-лидер» кітабы көшбасшы әйелдермен кездесу өтті

    Елбасы Н.Назарбаев бүкіл қазақстандық арулар мен аналарға арнап айтқан құттықтау сөзінде: "Біздегі әйелдер жұмыста, шығармашылықта, спортта, ғылымда табыстарға жетуде. Сонымен қатар отбасының да сақтаушысы болып қалып отыр» деп, ерекше атап өткен болатын.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дегі 2015 жылдың 1 қарашасынан сабақ кестесіне өзгерістер

    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 2015 жылдың 1 қарашасынан сабақтар жаңа кесте бойынша өткізіледі.
    1. Сабақ 8:00-ден 8:50-ге дейін. Үзіліс 10 минут.
    2. Сабақ 9:00-ден 9:50-ге дейін. Үзіліс 10 минут.
    3. Сабақ 10:00-ден 10:50-ге дейін. Үзіліс 15 минут.

«Жас көшбасшы мектебі» аясында ҚазҰЗТУ көшбасшы студенттерінің Алматы қаласының көшбасшы әйел азаматшаларымен кездесу акциясы

    2015 жылдың 28 қазанында сағат 11:00-де Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Мұнай ғимаратының мәжіліс залында Алматы қаласы ішкі саясат бөлімі мен отбасы-демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссиясының тапсырысы бойынша Алматы қаласы әкімі қолдауымен «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігі мен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Кампус кураторлары күні

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым «Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» дейді. Университетімізде жастардың білім алумен қатар студенттік ортаға, жатақхана өміріне бейімделуіне, бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал ету мақсатында Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызының басшылығымен былтыр алғаш рет «Кампус кураторлары күні» өткен болатын.

ҚазҰТЗУ студенттері - «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингінің қатысушылары

    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің белсенді студенттері 2015 жылдың 20-21 қазан күндері «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты екікүндік семинар-тренингке қатысты.

ҚазҰТЗУ студенттері – баскетбол бойынша II Ұлттық студенттік лига іріктеу ойынының жеңімпаздары

     25–ші қазан күні біздің баскетбол бойынша құрама командамыз жаттықтырушы А.М. Путинцевтың басшылығымен жарысты жақсы бастады. Алғашқы ойында әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың құрама командасын 82:42 есебімен жеңді. Алда әлі басқа ЖОО командаларына алты ойын бар. Үш жеңімпаз қоманда Астана қаласында өтетін финалдық ойындарға жолдама алады.

«Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының ХІІ слеті

    2015 жылдың 10-17 қазан күндері Орал қаласында «Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының ХІІ слеті өтті. Слетке еліміздің 10 өңірінен 40-тан астам делегат, ҚР жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттері мен көшбасшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

ISM комиссиялары мен Қытай тау-кен ісі және технологиясы университеті бірігіп өткізген маркшейдерия саласындағы халықаралық Фо

    Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Қытай тау-кен ісі және технологиясы университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде О.А.Байконуров атындағы тау-кен металлургия институтының өкілдері, соның ішінде институт директоры Рысбеков К.Б., профессор Қалыбеков Т., PhD докторлары Жақыпбек Ы. және Сеитулы К. «Қытайдағы маркшейдерлік іс халықаралық академиялық форум» атты 2015 жылы 16-18 қазанда Пекин қаласында болған халықаралық Форумға қатысуға шақырылды.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Еуропа және Орталық Азия университеттері дамушы елдердің рейтингісіне енді

    ХХІ ғасыр - бұл жаһандық даму міндеттерін шешу үшін инновациялық реформалардың дәуірі.
    Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде маңызды әлеуметтік институт болып табылатын жоғары мектептерге баса назар аударды.

Syndicate content
Сіз 19533985 енушісіз.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016