Жаңалықтар

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Еуропа және Орталық Азия университеттері дамушы елдердің рейтингісіне енді

    ХХІ ғасыр - бұл жаһандық даму міндеттерін шешу үшін инновациялық реформалардың дәуірі.
    Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде маңызды әлеуметтік институт болып табылатын жоғары мектептерге баса назар аударды.

ҚазҰТЗУ студенттері – шағын футболдан өткен қайрымдылық турнирінің қатысушылары

    18-ші қазан күні халықаралық санаттағы спорт шебері, Қазақстан кубогының иегері, көп дүркін чемпионы, Азияның 2012 ж. чемпионы, Италияда өткен әлем чемпионатының (2009 ж.) жүлдегері және Түркияда өткен кикбоксингтен әлем чемпионатының (2013 ж.) күміс жүлдегері Нүрпейісов Азаматты қолдауға арналған шағын футболдан қайрымдылық турнирі өтті.

Білім алушылардың оқу ақысына жеңілдіктер беру туралы

   2015 жылдың 13 қазанында «Университеттің меншікті қаражаты есебінен білім алушыларға білім беру қызметіне гранттар мен жеңілдіктер беру және материалдық ынталандыру (көтермелеу) жөніндегі комиссия» мәжілісі өтті.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Қазақ-Канада ғылыми білім беру орталығында тренинг жүргізілді

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қаз ҰТЗУ-дың Қазақ-Канада ғылыми білім беру орталығында 2015 жылдың 12 қазанда «АМТ- МТ электрік барлау мәліметтерін өңдеу, басқару және ұйымдастыру» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке Геофизика кафедрасының жетекші қызметкерлері, «Геокен» компаниясының және ҚР ҰҒА Геология ғылымдарының институтынан мамандар шақырылды. Тренингті Phoenix (Канада) компаниясының жетекші эксперттері жүргізді.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗҰ-да терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға, құқықтық тәрбиеге арналған кездесу-семинар

    2015 жылғы 14 қазанда университеттің тәрбие жөніндегі кеңесінің кезекті мәжілісі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналды. Мәжіліске кеңес мүшелері – институт директорларының орынбасарлары, аға эдвайзерлері, Жастар ұйымдары комитетінің өкілдерімен қатар топ эдвайзерлері және ректордың режим бойынша көмекшісі А.А. Нәубетов қатысты. Кеңес төрайымы, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Г.Ә. Сәрсенбекова мәжілісті ашып, оның күн тәртібі террористік актілердің алдын алу және оларды болдырмау шараларына және жастар арасында құқық бұзышылықтың алдын алу мәселесіне арналатындығын атап өтті.

ҚазҰТЗУ студенттері чемпиондар тұғырында

    Т. Бәсенов атындағы СжҚИ студенті Садыкова Дилорам (4 курс прс 12-1р) каратэ-до бойынша ҚР спорт шебері, төмендегі халықаралық жарыстарда Қазақстанның атағын абыроймен қорғады

ҚазҰТЗУ-да Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тоғызқұмалақ бойынша Алматы ЖОО-лары арасындағы біріншілік

    Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Алматы қаласының студенттері арасында 8-10 қазан күндері біздің университетімізде тоғызқұмалақ бойынша біріншілік өтті. Жарысқа 9 жоғары оқу орны қатысты ( Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, АЭжБУ, ҚазСТА, ҚазБСҚА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Құрманғазы атындағы ҚҰК)

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

    «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және оларды болдырмау мақсатында 2015 ж. 14 қазан күні сағ. 16.00-де Мұнай ғимаратының мәжіліс залында ұлттық қауіпсіздік органдары (ҰҚК) өкілдерінің қатысуымен кездесу өтеді.

ТЖД

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2015 жылдың қараша айының 02 мен 20-сы дейінгі аралығында Мемлекеттік «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын берудің республикалық конкурсын жариялайды.

ҚазҰТЗУ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жолдары: Студент, Қоғам, Уақыт» атты Ғылыми – тәжірибелік конференция болды

    Елбасы Н.Ә. Назарбаев ««Қазақстан -2050» Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында: Сыбайлас жемқорлық – тек заң бұзушылық ғана емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сейілтеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп болып табылады» деп атап өтті. Жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам болып күресу керек. Сол кезде ғана қоғамда төзбеушілік атмосферасы орнап, жемқорлықпен күресудің нәтижелері оң шешімін табады.

Syndicate content
Сіз 24853370 енушісіз.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016