Бүгінгі күн аясында мұнай-химиясы саласындағы шақырулар

    «МИИБ-2» бағдарламасы аясында осы жылдың 15 қазанынан 15 қарашаға дейін «Мұнай химиясы және мұнай өңдеу» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін шақырылған профессорлардың дәріс курстары, сонымен қатар Университеттің барлық тыңдаушыларына ашық дәрістері өткізілді.
    Химия ғылымдарының докторы, профессор, ИҒРА академигі, А.Н.Башкиров атындағы жасанды сұйық жанармай және мұнай химиясы синтезінің технологиясы кафедрасының меңгерушісі, РҒА А.В.Топчиев атындағы Мұнай химиялық синтез институты бөлімшесінің меңгерушісі Третьяков Валентин Филиповичтің ашық дәрісі мұнай және газ өңдеу технологиясындағы инновациялық тақырыпқа, сонымен қатар өзекті отынның балама түрін келешекте қолдану сұрақтарына арналды. Отынның балама түрін жаппай енгізу үрдісі сөзсіз керек, бұл әлемдегі мұнай қорының шектеулі болуы сияқты объективті себептермен анықталады. Отынның балама түрлерін енгізу экология талаптарының жоғарлауымен де байланысты.
    Шақырылған профессор, химия ғылымдарының докторы, Экологиялық биофизикалық АТ химия институтының директоры, РҒА Н.Н.Семенов атындағы химиялық физика институты зертханасының меңгерушісі Гладышев Георгий Павловичтың «Экология, дизайн және ғылым» тақырыбындағы дәрісі тұтастай мұнай-газ өнеркәсібі және жасыл экономикадағы қоршаған орта мәселелеріне арналды. Экономикалық өсу мен елдің технологиялық дамуын біріктіре отырып қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және еңбекті экологияландыру – бұл қиын үйлесетін жағдайлар бүгінгі күні талаптары болып табылады.
    Дәрістен аяқталғаннан кейін студенттер, магистранттар және докторанттар көптеген сұрақтар қойып, оларға толық және танымдық жауаптар алды. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ студенттері және оқытушыларының айтуынша, осындай білім мен ғылыми тәжірибемен халықаралық алмасу оқу үрдісінің барлық қатысушыларына екі жақты пайдасын тигізеді.
    Шақырылған профессорлардың ашық дәрістерінің өткізілуін ұйымдастырушы Қ.Тұрысов атындағы ГжМГІ институтының МжГХҚӨТ кафедрасы.

ГжМПИ

Сіз 24853433 енушісіз.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016